Экс-министр Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны рас па?
Екі күн бұрын Руслан Жақсылықов Қорғаныс министрі қызметінен босатылған еді. Кейін оның қамауға алынғаны туралы ақпарат тарады. Тіпті, бірнеше БАҚ өкілдері жаңалықты жарыса жариялады.
Бүгін экс-министр мәселеге қатысты пікір білдірді. Ол Tengrinews.kz бас редакторымен телефон арқылы сөйлесіп, жоққа шығарды.
– Бос сөз. Ең алдымен, ресми дереккөздерге сену керек. Мен демалыстамын. Маған демалуға мүмкіндік берілді. Үш жарым жылдан бері еңбек демалысына шықпадым. Өздеріңіз білесіздер, әскери қызмет сондай болады, – деді Жақсылықов.
Сондай-ақ, ол құқық қорғау органдарына жүгінетінін де мәлімдеді.
– Ар-намысым мен абыройыма нұқсан келтіретін жалған ақпарат үшін жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына жүгінуге мәжбүрмін, – деді экс-министр.