Ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-ға дейін төмендетілді
Елде ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 20%-ға дейін төмендетілді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Айтайық, екінші деңгейлі банктер мен жекелеген қаржы ұйымдары үшін қарыздар бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлері анықталды:
Кепілсіз банктік қарыздар бойынша – 46%. Кепілмен қамтамасыз етілген банктік қарыздар бойынша – 35%. Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша – 20%, – делінген ҚНРДА мен Ұлттық Банктің қаулысында.
Бұған дейін ипотека бойынша шекті мөлшерлеме 25% болған.
/сурет ашық дереккөзден алынды