Бас қалада Тұран даңғылы бес күнге жабылды
Тұран даңғылының бір бөлігі жабылып, көлік қозғалысы шектеледі. Бұл жайлы Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
10-15 маусым аралығында бас қалада Тұран даңғылы учаскесінде — Сығанақ көшесінен Сарайшық көшесіне дейін жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілуіне байланысты қозғалыс ішінара тоқталады, — делінген хабарламада.
Автокөлік қозғалысы тек бір бағытта – қаладан әуежайға қарай шектеледі.