«Қураған ағашқа дейін жап-жасыл»: Тоқаевты Ақтөбе қалай қарсы алды?
Президентті ерекше дайындықпен қарсы алған Ақтөбе әкімі Азамат Бекет күлкіге қалды. Бүгін қаладағы қураған ағаштың бұталарына дейін «ғажайыптың құдіретімен» жасыл түске боялды. Бір-ақ күнде жол белгілері салынып, бағаналар боялып, қала іші өзгеріп шыға келді, деп хабарлайды Orda.kz.
25 маусымда Ақтөбеге Қасым-Жомарт Тоқаев барып қайтты. Ақтөбеліктер президент жүрер жолдағы қураған ағаштардың бұтағына дейін жап-жасыл қылып қойды.
Мемлекет басшысы келерде жанталасқан жергілікті әкімдіктің көзбояушылығы желіде күлкіге айналды. Желі қолданушылары:
«Ақтөбе ағаштарды жасыл түске бояп жатыр. Жергілікті әкім қобалжып, аспанға кемпірқосақ салып жүрмесін», — деген бейнежазба жүктеді.
Фото: Orda.kz