Президентті ерекше дайындықпен қарсы алған Ақтөбе әкімі Азамат Бекет күлкіге қалды. Бүгін қаладағы қураған ағаштың бұталарына дейін «ғажайыптың құдіретімен» жасыл түске боялды. Бір-ақ күнде жол белгілері салынып, бағаналар боялып, қала іші өзгеріп шыға келді, деп хабарлайды Orda.kz. 

25 маусымда Ақтөбеге Қасым-Жомарт Тоқаев барып қайтты. Ақтөбеліктер президент жүрер жолдағы қураған ағаштардың бұтағына дейін жап-жасыл қылып қойды.

Мемлекет басшысы келерде жанталасқан жергілікті әкімдіктің көзбояушылығы желіде күлкіге айналды. Желі қолданушылары:

«Ақтөбе ағаштарды жасыл түске бояп жатыр. Жергілікті әкім қобалжып, аспанға кемпірқосақ салып жүрмесін», — деген бейнежазба жүктеді.

Фото: Orda.kz

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *