Қармақшы ауданындағы Байқоңыр қаласында  50 пәтерлік 5 тұрғын үй құрылысы басталып, қазір баспана салу ісі жеделдеген. «Аман құрылыс» ЖШС жүргізетін нысандардың  жалпы құны – 2 млрд 586,360 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Мұнан бөлек, ауданға қарасты Иіркөл мен Дүр Оңғар елді мекендеріндегі электр желілерінің құрылысы да жалғасып жатыр.

Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі  мәліметіне сүйенсек, аталған 2 елді мекендегің газ құбырының құрылысын жүргізуге облыстық бюджеттен 752,7 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Атап айтсақ, Төребай би ауылындағы газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерін салу 497,057 млн теңгені құрайды. Жоба бойынша полиэтилен газ құбырының ұзындығы – 21260 м, болат газ құбырының ұзындығы – 16 м,  ГРПШ газ реттеуші пункті – 1 дана жүргізу қарастырылған.

Ал Иіркөл ауылындағы «Газ құбыры мен кварталішілік газ тарату желілерін салу» жобасының құны 378,944 млн теңгені құраған. Жоба бойынша полиэтилен газ құбырының ұзындығы – 15880 м, болат газ құбырының ұзындығы – 389 метр.  Екі ГРПШ газ реттеуші пунктін жүргізу қарастырылған.

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *