Қазақстандық режиссер Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» көркем фильмі Италияда өткен халықаралық кинофестивальде жеңіске жетті. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фильм Италияның Иския аралында өткен 23-ші Ischia Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік толықметражды фильм» номинациясы бойынша бас жүлдені иеленді.

Айта кетейік, бұған дейін «Бауырына салу» картинасы Asia Pacific Screen Awards аясында «ең үздік жастар фильмі» деп танылып, сондай-ақ Baku International Film Festival-інде де бас жүлдеге ие болған болатын.

Фильм қазіргі таңда «Оскар-2025» сыйлығының «Шет тіліндегі үздік фильм» номинациясы бойынша Қазақстан атынан ресми түрде ұсынылып, үміткерлер тізіміне енген.

«Бауырына салу» – ата-ана махаббатынан алшақтап, әжесінің бауырында өскен баланың ішкі қайшылығы мен жан күйзелісі туралы баяндайтын психологиялық драма.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *