Қазақстанда 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл бұл мереке сенбіге сәйкес келеді. Сәйкесінше, демалыс күні 30 тамыз сенбіден дүйсенбі, 1 қыркүйектің бірінші жұмыс күніне ауыстырылды.
Осылайша, қазақстандықтар Конституция күні былай демалатын болады:
  • бес күндік жұмыс аптасымен – үш күн қатарынан: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
  • алты күндік жұмыс аптасымен – екі күн: 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).

Тамызда барлығы:

  • бес күндік жұмыс аптасында – 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні;
  • алты күндік жұмыс аптасында – 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні.

Айта кетейік, енді ChatGPT-ден Қазақстан заңдары туралы сұрауға болады. Chat GPT платформасына қосылған Qazaq Law атты жаңа чат-бот қазақстандықтарға заң саласында кеңес беруге арналған. Ол қолданушы сұрақтарына еліміздің заңнамасына сүйене отырып жауап береді әрі ресми тілдегі күрделі нормаларды қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіре алады.

Фото: El.kz 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *