Конституция күні қазақстандықтар қалай демалады?
Қазақстанда 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституциясы күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Биыл бұл мереке сенбіге сәйкес келеді. Сәйкесінше, демалыс күні 30 тамыз сенбіден дүйсенбі, 1 қыркүйектің бірінші жұмыс күніне ауыстырылды.
Осылайша, қазақстандықтар Конституция күні былай демалатын болады:
- бес күндік жұмыс аптасымен – үш күн қатарынан: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);
- алты күндік жұмыс аптасымен – екі күн: 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).
Тамызда барлығы:
- бес күндік жұмыс аптасында – 21 жұмыс күні және 10 демалыс күні;
- алты күндік жұмыс аптасында – 25 жұмыс күні және 6 демалыс күні.
Айта кетейік, енді ChatGPT-ден Қазақстан заңдары туралы сұрауға болады. Chat GPT платформасына қосылған Qazaq Law атты жаңа чат-бот қазақстандықтарға заң саласында кеңес беруге арналған. Ол қолданушы сұрақтарына еліміздің заңнамасына сүйене отырып жауап береді әрі ресми тілдегі күрделі нормаларды қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіре алады.
Фото: El.kz