Қазақстанда ең жоғары жалақыны қай сала мамандары алатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстанда ең жоғары жалақы қай салада төленеді? Ең жоғары жалақы деңгейі бойынша көш бастап тұрған өңірлер мен салалар қатарында қай бағыттар бар? – деп Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне редакциямыз ресми сауал жолдаған болатын.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша республика бойынша 2025 жылдың 1 тоқсанында орташа айлық атаулы жалақы 423 133 теңгені құрады және 2024 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 10,7%-ға артты.

Салалар бойынша орташа айлық жалақының ең жоғары мөлшері ақпарат және байланыс саласында – 859 822 теңге, ал орташа айлық жалақының ең төмен мөлшері – ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында байқалады – 248 937 теңге, — делінген ведомствоның жауабында.

Өңірлер бойынша орташа айлық жалақының ең жоғары мөлшері Атырау облысында – 634 234 теңге, ал орташа айлық жалақының ең төмен мөлшері – Солтүстік Қазақстан облысында байқалады – 300 051 теңге.

Фото: Нұркен Алишев

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *