ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасының қорытындысын жариялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Үздік шыққан жүз кітаптың тізімімен Ұлттық құрылтайдың ресми сайтында танысуға болады.

Жүздікке енген кітаптардың 8-і орыс тілінде жазылған болса, қалған 92-сі қазақ тілінде жарыққа шыққан.

Тізімге қазақ әдебиетінің классикалық шығармаларымен қатар, заманауи авторлардың туындылары да енген.

Сауалнама 3 ай бойы жүргізілген болатын. Оған 100 мыңнан астам азамат қатысты. Олардың 70 пайызын әйелдер құраған.

Фото: Ашық дереккөзден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *