Қызылордадағы 43 ауылда кейінгі 3 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген
Оның ішінде онша ауыр емес және ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар, мал ұрлығы мен бұзақылық төмендеген. Сондай-ақ қоғамдық орындарда, көшелерде, мас күйінде жасалған жасалған қылмыстар саны кеміген.
Ішімдіктің кесірінен болатын қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыс тиімділігін көрсетіп отыр.
– Прокуратура, дін өкілдерін, ауыл ақсақалдарын, белсенді жастар мен ауылдық округ әкімдерін тарту арқылы кәсіптік нысан иелеріне алкогольдің зияны мен салдарын түсіндіру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде облыстағы 12 елді мекендегі дүкендерде алкоголь сатылмайтын болды. Арал ауданының Сазды, Қосжар, Жаңақұрылыс, Қазалы ауданының Ажар, Қармақшы ауданының Иіркөл, Жалағаш ауданының Таң, Еңбек, Сырдария ауданының Жетікөл, Шиелі ауданының Жиделіарық, Жаңақорған ауданының Қосүйеңкі, Манап, Өзгент ауылдары ішімдіктен бас тартты, – делінген хабарламада.
Полиция мәлімдегендей, өңірдегі 43 елді мекенде соңғы 3 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.
Ал Ақтөбе облысында 33 ауыл ішімдіктен бас тартқан болса, кейінгі кезде оның 26-сында қылмыс тіркелмеген.
Фото: Нұрболат Нұржаубай