Маңғыстауда жер сілкінді.
Маңғыстау облысында жер сілкінді. Жер сілкінісінің ошағы Ресейде орналасқан. Жер асты дүмпуін Маңғыстау облысының тұрғындары сезді, деп хабарлайды Orda.kz.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісін «НТСНИ» МЭК сейсмикалық стансалар желісі сағат 1:33-те тіркеді.
«Зілзала ошағы Ресей аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 2321 шақырым жерде орналасқан», деп хабарлады ТЖМ.
Маңғыстау облысындағылар 2 баллдық сілкіністі сезді.
Еуропалық Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) мәліметі бойынша, Дербент қаласынан (Ресей, Дағыстан) 51 шақырым жерде Каспий теңізі аймағында магнитудасы 6,0 болатын жер сілкінісі болған.
Фото: Ашық дереккөз