«Қайрат» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасындағы сенсациялық жеңісінің арқасында мол қаржылық табысқа қол жеткізді, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Турнирдің іріктеу кезеңіндегі жеңістері клубқа жалпы сомасы 18,6 миллион еуро табыс әкелді, бұл шамамен 11,6 миллиард теңгеге тең. Оның ішінде ең үлкен үлесі – 10 миллиард теңге – команданың топтық кезеңге жолдама алуына байланысты беріліп отыр. Бұған қоса, 666 миллион теңге телетүсімдерден түскен, ал 146 миллион теңге ең төменгі кепілдік бонус ретінде есептелген.

Осы табыстың нәтижесінде «Қайрат» клубы өз тарихындағы ең ауқымды қаржылық жетістікке жетіп отыр. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштің бұдан да арта түсуі мүмкін. Себебі Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде әрбір жеңіс пен тең ойын үшін қосымша ірі көлемде сыйақылар қарастырылған.

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *