Жолдау — жастарды жігерлендіреді
Жолдау — қоғамның жаңа бетбұрысына негізделген саяси реформалар ел дамуының жаңа деңгейін айқындады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын жариялады.
Жолдау – саяси құжат жиынтығы емес, ол – халқымыздың болашаққа бастайтын бағдары, үміт пен сенімнің тоғысқан тұсы. Президент қоғамды толғандырған әлеуметтік, экономикалық, саяси түйткілдерді ашық айтып, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды.
Жолдаудың көңілге қонымды тұсы – Жастар мәселесі еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы рухты жастарды толық қолдайтынын жеткізді. «Жастардың күш-жігеріне, дарыны мен біліміне сенемін» деген Президент, тарихты ұмытпай, болашақты өз қолымызбен қалыптастырудың маңызын атап өтті. Елін көркейтуге, ғылым-білімге ұмтылған әр жасты мемлекет жан-жақты қолдауға дайын.
Бүгінгі ұрпақ – өзгерістер дәуірінің балалары. Олар жаһандағы құбылыстарға тез бейімделеді, жаңа мүмкіндікті ұтымды пайдалана біледі. Соның ішінде жасанды интеллект – олардың қолындағы қуатты құрал.
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Өркениетті елдің заңы – әділ, билігі – білікті, азаматтары – саналы және белсенді болуға тиіс» деді.
Қазақстан қазір жан-жақты реформалардың арқасында жаңа белеске бет алды. Алда – қарқынды еңбек, биік мақсаттар тұр. Бағыт айқын: өткенді ұмытпай, ертеңге сеніммен қадам басу ғана қалды. Алдағы үш жылда Қазақстан цифрлы мемлекетке айналып, бейбітшілігі мен егемендігі мәңгілік болуы үшін жаңа бетбұрыс кезеңі десек артық айтқанымыз емес.
Нұрай Нұрболатқызы, Қостанай облыстық «ReJastary» жастар қанатының көшбасшысы