«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасы Алмасбек Есмаханов партияның облыстық филиалы жанындағы өңірлік даму жөніндегі кеңес мүшелері, партияның қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы өкілдерімен бірге Қызылорда қаласы, Сырдария өзеннің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау жұмыстары, сонымен қатар сол жағалау шағын ауданында жаңадан бой көтерген тұрғын үй алаңдарын абаттандыру жұмыстары мониторинг жүргізді.
Бақылау тобы мониторинг барысында атқарылып жатқан құрылыс және жөндеу жұмыстарының сапасын, белгіленген мерзімдерге сәйкестігін, сондай-ақ тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған шаралардың тиімділігін бағалады.
«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалау бөлігін жылумен жабдықтау жобасы бүгінгі күні жылу маусымына толық дайын. Онымен қоса бүгінгі күні сол жағалаудағы 110 тұрғын үйге және 30 әлеуметтік нысанды ыстық сумен қамтамасыз етуде. Мердігер мекеме «Механизатор-К» ЖШС-нің өкілдері бу қазандықтары газбен қамтамасыз етілгендігін және авариялық жағдайлардың алдын — алу мақсатында қосымша дизельді станция қарастырылғандығын атап өтті. Жоба алдағы уақытта толық Қызылорда жылу электр орталығы меншігіне берілмек.
Мұнан соң мониторингтік топ мердігер мекеме «Мерси» ЖШС мен жүргізіліп жатқан көп қабатты тұрғын үйлерді абаттандыру жұмыстарын көрді. Яғни, тұрғын үй кешендері аулаларында орнатылып жатқан ойын және спорт алаңдары, көгалдандыру жұмыстары мен жаяу жүргіншілер жолдарының жағдайына зер салды. Жауапты мердігер ұйымдарға бірқатар ұсыныстарын беріліп, партиялық бақылау алдағы уақытта да жалғасатынын ескертті.
«Өңірде аймақ басшысының тікелей қолдауымен құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Қыруар қаржы бөлінуде. Сондықтан әрбір құрылыстың сапалы, мерзімінде аяқталуына мән беруіміз керек. Тұрғындар мұның игілігін ұзақ жылдар көретіндей болуы керек. Жауапкершілік барлығымызға ортақ»,- деді партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *