Қазақстанда қазіргі таңда 13 584 шетелдік азамат еңбек қызметімен айналысуда. Олардың бір бөлігі басшылық қызметтерде жұмыс істесе, қалғаны түрлі салаларда тер төгуде.

Ресми деректерге сәйкес, елде жұмыс істеп жүрген шетелдік азаматтардың ішінде:

  • 569-ы – жоғары лауазымды басшылар мен олардың орынбасарлары,

  • 2 514-і – бөлімше немесе құрылымдық бөлім басшылары,

  • 4 711-і – білікті жұмысшылар,

  • 1 217-і – маусымдық жұмысшылар.

Бұдан бөлек, жеке шаруашылықтарда еңбек етіп жатқан шетелдіктер де аз емес. Оларға жыл сайын 300 мыңға жуық еңбек етуге мүмкіндік беретін квота бөлінеді.

Мамандардың айтуынша, бұл көрсеткіш елдің еңбек нарығын әртараптандыру мен экономиканың түрлі секторларындағы кадр тапшылығын жабуға мүмкіндік береді.

/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *