Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты кезекті Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Жолдауды насихаттау мақсатында «AMANAT» партиясы Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының ұйымдастыруымен білім саласындағы «Болашақ 47, 46, 61, 65, 18, 58, 60» және «Көктал», «Астана Есеп», «Ғасыр» бастауыш партия ұйымдарында кездесулер өткізілді.

Аталған кездесулерге «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы Атқарушы хатшысының орынбасары М.Утебаева, Астана қалалық мәслихатының депутаттары Г.Джапарова, Б.Смайлов, А.Табулдина, «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасы А.Курманкулов, қалалық партия филиалы жанындағы білім жөніндегі кеңес төрағасы Е.Серкебаев, Сарыарқа аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Т.Тілес, партия филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Н.Ыбырайым, саяси кеңес мүшесі, кәсіпкер А.Базарова белсенді атсалысты.

«AMANAT» партиясы Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Т.Тілес өз сөзінде «Мемлекет басшысы Жолдауда еліміздің сыртқы және ішкі даму бағдары туралы жан-жақты айтып, нақты ел дамуының бағдарын айқындады. Негізгі месседждердің бірі – жасанды интеллектпен цифрландыру арқылы өзекті мәселелерді түбегейлі шешу. Елімізге инвестицияны көптеп тартып, инвесторларға қолайлы жағдай жасау болып табылады. Мұнымен қоса, парламентке реформа жүргізу мәселесін Мемлекет басшысы ортаға салды» — деді.

Мұнымен қоса, Мемлекет басшысы Жолдаудағы сөзінде «Қазір ел экономикасында реформалар жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылымға және жаңа өндіріс орындарын ашуға қомақты инвестиция салынып жатыр. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатын және еліміздің әлеуетін арттыру үшін жасалып жатқаны айдан анық. Жасанды интеллектінің қарқынды дамуы қазірдің өзінде халықтың, әсіресе, жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне әсер етіп жатыр.Басқаша болуы мүмкін емес. Себебі бұл үрдіс бүкіл әлемде қалыптасқан тәртіпті және адамдардың өмір сүру салтын біржола өзгертуде. Біз бұған дайын болып, батыл әрекет етуіміз керек. Әйтпесе артта қалудың салдары өте ауыр болады. Сондықтан мен алдымызға өте маңызды стратегиялық мақсат қойдым. Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек. Біз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғыртуымыз қажет» — деді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *