Қазақстан экономикаға инвестиция ағынын $400 млрд-қа дейін арттыруға ниетті
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Үкімет жүргізіп жатқан белсенді макроэкономикалық саясат ел экономикасына инвестиция ағынын едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Вице-премьер бүгінгі таңда Қазақстан экономикасына ЖІӨ-ге 16-17% көлемінде инвестиция тартылатынын айтты.
«Бізге 23-24% инвестиция тарту керек. Егер цифрмен айтатын болсақ, 2029 жылға дейін ештеңе істемесек, онда $280 млрд инвестиция тартамыз, ал бізге $ 400 млрд қажет. Меншіктің барлық нысанын тарта отырып, “Бәйтерек” арқылы жүзеге асыратын проактивті макроэкономикалық саясат — бұл екінші деңгейлі банктер, жеке инвестициялар және т. б., ол бізге жетіспейтін $120 млрд-ты тартуға мүмкіндік береді және бұл бүгінгі таңдағы қажеттілік», — деді Серік Жұманғарин.













