ШҚО колонияда шу шықты
Өскемендегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде сотталғандардың тәртіп бұзуға талпынысы тіркелді. Бұл ақпаратты kursivmedia таратты.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі хабарлағандай, бір топ сотталғандар тыйым салынған аймаққа өтпек болған. Олардың әрекетіне 6699 әскери бөліміне қарасты қызмет атқарушы сарбаз дер кезінде тосқауыл қойған.
«Заңды талаптарды орындамағанына байланысты әуе бағытында ескерту ретінде оқ атылды. Режим бұзушылықтың жолы кесілді, кінәлі сотталғандар қатаң жағдайда ұстау секторына орналастырылды», – делінген ресми хабарламада.
Қарауылда тұрған әскери қызметші нұсқаулыққа сай оқиғаны дереу қарауыл бастығына баяндаған.













