Мәжілісте әйелдердің жұмыс уақытына қатысты жаңа бастама талқыланды. Депутат Ажар Сағандықованың айтуынша, қазақстандық әйелдердің күнделікті жүктемесі тым жоғары, бұл олардың денсаулығына тікелей әсер етіп отыр.

Оның дерегінше, әйелдер тәулігіне 13 сағаттан артық жұмыс істейді. «Бұл созылмалы шаршауға, эмоционалды күйзеліс пен өмір сапасының төмендеуіне әкеледі және денсаулыққа қауіп төндіреді», – деді депутат.

Сағандықова бұл мәселені шешу үшін бірқатар шара ұсынды. Атап айтқанда, әйелдер үшін қысқартылған жұмыс аптасын енгізу, икемді жұмыс режимін кеңейту және ерекше қажеттілігі бар балаларға немесе ауыр науқастарға күтім жасайтын аналарға «ағыстағы сағаттар» жүйесін қолдану ұсынылды. Депутат мұндай өзгерістер жалақы мен әлеуметтік кепілдіктерге әсер етпеуі тиіс екенін атап өтті.
Фото ашық дереккөзден алынды

/фото ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *