ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Үкімет жүргізіп жатқан белсенді макроэкономикалық саясат ел экономикасына инвестиция ағынын едәуір арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Вице-премьер бүгінгі таңда Қазақстан экономикасына ЖІӨ-ге 16-17% көлемінде инвестиция тартылатынын айтты.

«Бізге 23-24% инвестиция тарту керек. Егер цифрмен айтатын болсақ, 2029 жылға дейін ештеңе істемесек, онда $280 млрд инвестиция тартамыз, ал бізге $ 400 млрд қажет. Меншіктің барлық нысанын тарта отырып, “Бәйтерек” арқылы жүзеге асыратын проактивті макроэкономикалық саясат — бұл екінші деңгейлі банктер, жеке инвестициялар және т. б., ол бізге жетіспейтін $120 млрд-ты тартуға мүмкіндік береді және бұл бүгінгі таңдағы қажеттілік», —  деді Серік Жұманғарин.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *