Қызылорда облысында Энергетиктер күні аталып өтті.  Жиынға  облыс әкімінің орынбасары Шермағанбет Мейрамбек қатысып, кәсіби мерекелерімен құттықтап, көпжылдық адал еңбегі, жоғары жауапкершілігі және энергетика саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін марапаттады.

Мерекелік жиында энергетика саласының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызы ерекше екені атап өтіліп, тұрғындарды жарықпен, жылумен және тұрақты энергиямен қамтамасыз етудегі мамандардың тынымсыз еңбегіне зор алғыс білдірілді. Қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына қарамастан, халыққа үздіксіз қызмет көрсетіп жүрген энергетиктердің еңбегі – әрдайым құрметке лайық.

Сонымен қатар, сала қызметкерлеріне алдағы уақытта да абыройлы еңбек етіп, жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектестік білдіріліп, мықты денсаулық, отбасыларына амандық, жұмыстарына толағай табыс тілегін жолдады.

Энергетика саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген барша мамандарды кәсіби мерекелерімен тағы да құттықтаймыз!

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *