Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары кім?
Бельгия астанасы Брюссельде 2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
Футболдан Қазақстан құрамасы С лигасында 3-топқа түсті.
Қарсыластарымыз – Словакия, Фарер аралдары және Молдова құрамалары.
Ұлттар лигасы матчтары қыркүйек айында басталады. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар жоғары дивизионға өтуге мүмкіндік алады. Сондай-ақ 2028 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін ойнайды.
Фото: Қазақстан футбол федерациясы












