Ауыл амбулаториясы – сенім мен қамқорлық ордасы

Кейінгі жылдары елімізде денсаулық сақтау саласына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Ауылдық жерлердегі көптеген денсаулық сақтау нысандары жаңадан салынып, халыққа сапалы медициналық көмек көрсету, кеңес беру және профилактикалық тексеру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Сондай денсаулық сақтау нысандарының бірі — Қызылорда облысы, Арал ауданындағы Шижаға ауылында 2020 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. Заманауи талаптарға сай келетін дәрігерлік амбулаторияда бірнеше бағытта ем-шаралар жүргізуге арналған бөлмелер орналасқан.

Бүгінгі таңда амбулатория ДСӘДМ-нің ақпараттық жүйесіне қосылып, ЭРДБ, ЭРСБ, РПН, БГ, ИСЛО, СКПН, РБЖФВ және АПП порталдары бойынша жұмыстар атқарылуда. КМИС порталына 2017 жылдың тамыз айынан бастап қосылған.

Білікті мамандармен қамтылған «Шижаға» дәрігерлік амбулаториясы бүгінде Шижаға, Сазды және Күршек ауылдары бойынша барлығы 2500-ге жуық тұрғынды сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз етіп келеді.

Фото: Арал ауданы

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Келесі Мақала:

0 %