Әлеумет

Қазақстанда МӘМС төлемейтін азаматтар да тегін медициналық тексеруден өте алады

2027 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде сақтандырылмаған азаматтарға да базалық медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Әсел Қыдырәлиеваның айтуынша, жаңа тәртіпке сәйкес, тұрғындар сақтандыру мәртебесіне қарамастан бірқатар медициналық қызметті тегін ала алады. Тегін медициналық пакетке қандай қызметтер кіреді? Базалық медициналық көмек аясында азаматтарға: дәрігер, фельдшер немесе орта буын медицина қызметкерінің қабылдауы; артериялық қан қысымын өлшеу; бой, салмақ сияқты антропометриялық көрсеткіштерді анықтау; дене салмағының индексін есептеу; медициналық көрсетілімдер болған жағдайда флюорографиядан өту; қажеттілігіне қарай ультрадыбыстық зерттеуден өту қолжетімді болады. ...

Posts navigation