Қазақстанда қанша қала бар?
Елде 90 елді мекен қала мәртебесіне ие, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Оның ішінде облыстық маңызы бар 39 қала, аудандық деңгейде 48 қала тіркелген. Қалған 3 қала республикалық маңызы бар.
Ең көп қаласы бар өңір — Ақмола облысы. Онда 11 қала бар. Сондай-ақ Ақтөбе және Қарағанды облыстарында 8 қаладан бар.
1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің әкімшілік-аумақтық құрылымында 195 аудан, 29 кент, 2 157 ауылдық округ және 6 096 ауыл тіркелген.
Аудандар саны ең көп өңір — Ақмола облысы. Онда 17 аудан бар.
Қарағанды облысы кенттердің көбімен алдыңғы орында, 8 кент бар екен.
Ауылдардың саны жағынан Түркістан облысы бірінші орында, өңірде 794 ауыл бар.
Фото: Ақорда












