Елеулі есім
Бүгін — Дүниежүзілік суға батудың алдын алу күні!
📢ТЖМ ескертеді: Судағы жауапты мінез-құлық — адам өмірін сақтап қалудың басты кепілі! Жазғы демалыс қайғылы жағдайға ұласпауы үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтаңыз:
Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз. Арнайы жабдықталған жағажайлар ғана қауіпсіз, онда құтқарушылар кезекшілікте болады.
Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Су бойында балалар әрдайым ересектердің тікелей көру аймағында болуы тиіс.
Өз өміріңізді қатерге тікпеңіз. Тыйым салынған белгілерден аспаңыз, белгісіз жерлерде суға секірмеңіз және суға мас күйде кірмеңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз! Сақтықта қорлық жоқ.
Төтенше жағдай кезінде бірден 112 нөміріне қоңырау шалыңыз!













