Қызылорда қаласында дәстүрлі «Алтын күз – 2026» шарасы аясында Шиелі ауданының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінің орталық алаңында ұйымдастырылды.

Жәрмеңкеге Шиелі ауданынан 110-ға жуық көлікпен жалпы көлемі 189,2 тонна ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілген.

Тұрғындарға жергілікті тауар өндірушілердің табиғи әрі сапалы өнімдері нарықтағы бағадан төмен, қолжетімді бағамен сатылды.

Сонымен қатар жәрмеңкеге 30 бас тоқты және 210 пресс жоңышқа шөбі жеткізілді.

Аталған жәрмеңке жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдауға, отандық өнімдердің сауда айналымын арттыруға және қала тұрғындарын сапалы азық-түлікпен қолжетімді бағамен қамтамасыз етуге бағытталған.

Фото: Шиелі ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *