Денсаулық сақтау вице-министрi Қызылордадағы медициналық нысандардың құрылысымен танысты
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау вице-министрi Мұратов Тимур Мұратұлы облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Жаналинов Данияр Еренғалиұлы және облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қуанышбаев Бауыржан Мұратбекұлымен бiрге №5 қалалық емхана және көп бейінді аурухана құрылысымен танысты.

Құрылыс қарқынын көру барысында Тимур Мұратұлы басқарма басшысы мен мердiгер мекемеге емхананы талапқа сай, сапалы түрде уақытылы аяқтауды тапсырды.
Айта кетейiк, құрылыс жұмыстары 2025 жылдың желтоқсан айында басталған №5 емхана 400 келушіге арналған. Жоба құны 9,8 млрд. теңгені құрайтын нысанның бас мердігері «Отау-Строй» ЖШС.
Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстардың 60 пайызы орындалып, ағымдағы жылы ел игілігіне табыстау жоспарлануда.
Сонымен қатар, бiр ауысымда 100 келушiге арналған емханасы бар 300 төсек орынға арналған көп бейiндi аурухана құрылысымен танысқан Тимур Мұратұлы басқарма басшысы мен мердiгер мекемеге аурухананы талапқа сай, сапалы түрде уақытылы аяқтауды жүктеді.
Айта кетейiк, облыс тұрғындарына аса маңызды болып табылатын әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қызылорда облысы мен Ақмола облысында өткен Ұлттық Құрылтайда берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.
Аурухана ең заманауи техникалық шешімдерді ескере отырып жобаланған.
Бүгінде бұл аймақтағы ең ауқымды жобалардың бірі болып табылатын жалпы ауданы 57 мың шаршы метрді құрайтын аурухана 7 гектар жерге орналасқан. Яғни бұл өңірдегі үлкен медициналық кешен болумен қатар, халықаралық стандарттарға сай аурухана болмақ.
Фото: Қоғамдық даму басқармасы












