2026 жылдың наурызы қазақстандықтар үшін мерекелер мен ұзақ демалыстарға толы болмақ. Күнтізбеге сәйкес, бес күндік жұмыс аптасындағы азаматтар айдың 13 күнін демалыспен өткізеді.

2026 жылы қазақстандықтар 8 наурызда қалай демалады?

2026 жылы Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келеді. Қазақстанның еңбек заңнамасына сәйкес, егер мемлекеттік мереке демалыс күнімен тұспа-тұс келсе, демалыс күні келесі жұмыс күніне ауыстырылады.

8 наурыздағы демалыс кестесі:

  • бес күндік жұмыс аптасында: қатарынан 3 демалыс күні — 7, 8 және 9 наурыз (сенбі, жексенбі, дүйсенбі). Сейсенбі, 10 наурыз — бірінші жұмыс күні;

  • алты күндік жұмыс аптасында: сенбі (7 наурыз) жұмыс күні болып қалады, ал қазақстандықтар 2 күн — 8 және 9 наурызда демалады.

2026 жылы қазақстандықтар Наурызда қалай демалады?

Басты көктемгі мереке қазақстандықтарға шағын каникул сыйлайды. Наурыз мейрамы дәстүрлі түрде 21-нен 23 наурызға дейін тойланады. 2026 жылы мереке күндері демалыс күндерімен сәйкес келеді, сондықтан қосымша демалыс күндері 24 және 25 наурызға ауыстырылады.

Наурыздағы демалыс кестесі:

  • бес күндік жұмыс аптасында: 21–25 наурыз — қатарынан бес демалыс күні (сенбі – сәрсенбі);

  • Алты күндік жұмыс аптасында: 21, 22, 23 және 24 наурыз — демалыс күндері, 25 наурыз — жұмыс күні.

    Айта кетейік, наурызда Қазақстанда сонымен қатар кәсіби және мерекелік даталар аталып өтеді:

    • 1 наурыз — Алғыс айту күні;

    • 14 наурыз (наурыздың екінші сенбісі) — Жерге орналастыру, геодезия және картография күні.

Фото: БАҚ.КЗ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *