Шаруаларға дизель 15% арзандатылып беріледі
Көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында шаруаларға дизель отыны нарықтағы бағадан 15 пайызға төмендетілген құнмен жеткізіледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.
Жыл басында Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері «2026 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 402 мың тонна дизель отынын беру кестесін» бекіткен еді.
Шаруаларға арналған дизель отыны қозғалысының ашықтығы мен бақылауын қамтамасыз ету үшін жеке ПИН-кодтар алынды, дизель түсі сары, көк және қызылға боялды, электрондық шот-фактура жүйесіне дизель үшін бөлек виртуалды қойма құру шаралары қабылданды. Бұл шаралар мұнай жеткізушілердің дизель отынын операторларға мақсатты түрде нақты жеткізуді қамтамасыз етеді, – дейді Энергетика министрі.
Коллаж: БАҚ.КЗ












