Иранның сарапшылар кеңесі Моджтаба Хаменеиді Ислам Республикасының келесі жоғарғы көшбасшысы етіп сайлаған.

Агенттіктің мәліметінше, шешім Ислам революциясы сақшылары корпусы қысымымен қабылданған. Өзге мәліметтер әлі айтылмады.

Моджтаба Хаменеи – қаза тапқан жоғарғы көшбасшы Әли Хаменеидің екінші ұлы. Жасы – 56-да. Діни білім алған, ресми қызметтерді атқармаған. Reuters агенттігінің дерегінше, ол әкесіне жақындығы және Ислам революциясы сақшылары корпусымен тығыз байланысы арқылы ел саясатына шама-шарқынша ықпал етіп келген. 2009 жылы президент сайлауынан кейінгі наразылықтарды басуға жетекшілік етті деген мәлімет бар.

Айта кетейік, Әли Хаменеи 28 ақпанда АҚШ пен Израильдің соққысынан кейін қаза тапқан еді.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *