Kazakh Tourism «Үздік туристік ауыл – 2026» байқауына қатысуға өтінім қабылдай бастады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба тұрақты туризмді дамытуға, мәдени мұра мен дәстүрді сақтауға және еліміздегі ауылдық жерлердің экономикалық өсуіне жәрдемдесуге бағытталған.

Өтінімдер 10 сәуірге дейін қабылданады. Оған облыс әкімдіктері өңірдегі үш ауылды ұсына алады. Байқауға қатысушыларды туризм саласындағы сарапшылардан тұратын тәуелсіз кеңес бағалайды.

Айта кетейік, 2025 жылы үздік туристік ауылдар қатарына Лепсі (Жетісу облысы), Нағи Ілиясов (Қызылорда облысы), Хан ордасы (БҚО), Поперечное (ШҚО), Шабанбай би (Қарағанды облысы) ауылдары кірді.

Фото: Kazakh Tourism

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *