Ақтөбе облысының әкімі  Асхат Шахаров Facebook-тегі парақшасында төтенше жағдайға байланысты жазба жариялады, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Облыс әкімі Асхат Шахаров төтенше жағдайлар бойынша жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді. Жиында облыс әкімдігі ғимаратының шатырындағы өртке байланысты жағдай қаралды. Жиында белгілі болғандай, қазіргі уақытта әкімдік ғимараты электр желісінен толық ажыратылды, 600-ге жуық қызметкер қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстырылды.

«Әкімдік — жай ғана ғимарат емес, бұл өңірдің тұтастай басқару жүйесін жүзеге асыратын нысан. Мұнда әрбір тұрғынның өміріне әсер ететін маңызды шешімдер қабылданады. Бүгін біз төтенше жағдаймен бетпе-бет келдік, алайда ең бастысы — қызметкерлердің қауіпсіздігі біздің басты назарымызда. Барлық қызмет үйлесімді жұмыс жүргізіп жатыр. Біз әкімдік жұмысының қысқа мерзімде қалпына келуін қамтамасыз етіп, жағдайды жою барысы туралы тұрғындарға толық ақпарат береміз», — деді жиында Асхат Шахаров.

Облыс әкімі әкімдік аумағындағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді, салдары толық жойылғанға дейін өрт сөндіру және жедел қызметтердің тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды, сондай-ақ өрттің шығу себебін анықтау үшін мамандарды тарта отырып жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, облыс әкімі өңір халқына арнап жазба жариялап, мәлімдеме жасады.

Фото: ТЖМ

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *