«Киелі жетілік»: Әнші Төреғали Төрәлінің жетінші перзенті дүниеге келді
Танымал әнші Төреғали Төрәлінің отбасында жетінші перзенті дүниеге келді. Қуанышты хабарды белгілі қазақстандық продюсер, режиссёр әрі импресарио Жан Мұқанов жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
«Сүйінші! Бүгін – 7 сәуір күні, кешкі сағат жетіде жетінші перзент дүниеге келді. Бұл – жетінші қыз бала. Киелі жетілік! Шын жүректен құттықтаймын! Алла тағала сәбиге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, жарқын болашақ нәсіп етсін. Әке-шешесіне қуаныш, береке, бақыт әкелсін! Осындай ақжолтай сәттер қазақ еліне көбейе берсін! Құтты болсын!» – деп жазды импрессарио әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сондай-ақ Жан Мұқанов нәрестенің есімі әлі қойылмағанын айтып, оқырмандарынан лайықты есім ұсынуды өтінді.
«Сәбидің есімі әлі қойылған жоқ. Құрметті ағайын, қандай есім лайық деп ойлайсыздар? Пікірге ұсыныстарыңызды жазыңыздар – бәлкім, дәл сіз ұсынған ат бұйырар», – деді ол.
Фото: instagram.com/impresario.tv












