Сыр театры Түркістан төрінде
Гастрольдік бағдарлама аясында театр ұжымы Шыңғыс Айтматовтың «Жәмилә» драмасын сахналады. Аталған қойылым – адам жанының нәзік иірімдерін, махаббат пен адалдық, тағдыр мен таңдау мәселелерін терең бейнелейтін көркем туынды ретінде көрерменге ұсынылды.
Түркістандық көрермен спектакльді жоғары деңгейде қабылдап, театр әртістерінің кәсіби шеберлігіне ерекше ықылас білдірді. Қойылым барысында сахналық мәдениет, актерлік ойын мен режиссерлік шешім үйлесімді үндесіп, көрермен көңілінен шықты.
Сонымен қатар, театр ұжымын түркістандық әріптестер жылы қарсы алып, шығармашылық байланыстарды нығайтуға бағытталған екі өңір арасындағы мәдени қарым-қатынасты одан әрі дамытып, тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.
Аталған гастрольдік бағдарлама ұлттық театр өнерін дәріптеуге, мәдени құндылықтарды кеңінен насихаттауға және өңіраралық рухани байланысты дамытуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Қойылым соңында театр басшысы Мұхтар Мәуленұлы Түркістандық әріптестерге, көрермендерге алғысын білдіріп, құрмет көсретті.
Сондай-ақ, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы сөз сөйлеп, әкімдік пен театр ұжымы атынан арнайы ықылас гүлін табыстады.
Фото: Қызылорда облыстық мәдениет басқармасы












