Бүгін «AMANAT» партиясы Астана қаласы «Сарыарқа» аудандық филиалы жанындағы Әйелдер қанаты ашылды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Салтанатты шараға ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және  отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Л.Сүлейменова, Астана қалалық мәслихатының депутаты, Астана қалалық Әйелдер қанатының Төрағасы С.Женалаева, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі С.Хангельдина, ҚР Сенаторлар кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткері Д.Нөкетаева және Әйелдер қанатының және партия белсенділері, бастауыш партия ұйымдарының өкілдері қатысты.

Фото: Ашық дереккөз

Жиын барысында Сарыарқа аудандық Әйелдер қанатының төрағасы болып Мырзалиева Мөлдір Мырзалықызы тағайындалды. Мөлдір Мырзалықызы Астана қаласы әкімдігінің «Техникалық колледжінде» оқу ісі жөніндегі орынбасары және партиямыздың белсенді мүшесі ретінде ауқымды жұмыстар атқарып келеді. Мұнымен қоса, Әйелдер қанаты аясында 10 бағыт бойынша тең төрайымдар тағайындалды. Бұл бағыттар алдағы уақытта жүйелі жұмыс жүргізуге, әйелдердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *