Астанада медицина қызметкеріне қол көтерген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол 1,5 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 380-3-бабы бойынша қаралған. Тергеу мәліметінше, оқиға биыл наурыз айында болған. Ер адам танысымен бірге ішімдік ішкеннен кейін өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырған.

Дәрігерлер науқасты тексеріп, алғашқы медициналық көмекті көрсеткен. Алайда олар кетпек болған кезде, шақырту иесі фельдшерлердің біріне кенеттен шабуыл жасаған.

Сот барысында оның әрекеті медицина қызметкеріне күш қолдану ретінде бағаланып, тиісті жаза тағайындалды.

Айта кетейік, 2026 жылғы қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина және жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалатын шабуыл үшін жауапкершілікті күшейтетін заңға қол қойған болатын. Осы өзгерістерге сәйкес, Қылмыстық кодекске жаңа 338-1-бап енгізіліп, мұндай құқықбұзушылықтар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Коллаж: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *