Бүгін — кітап күні
23 сәуір — Халықаралық кітап күні, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
23 сәуір күні бекер таңдалмаған. Бұл күн – әлем әдебиетінің ұлы тұлғалары: William Shakespeare, Miguel de Cervantes және Inca Garcilaso de la Vega қайтыс болған күнмен сәйкес келеді. Сондықтан бұл дата кітап пен авторларға құрмет көрсету символы ретінде алынған.

Фото: Ашық дереккөз
Қазақстан да 1995 жылдан бері Кітап күнін атап өтіп келеді және жыл сайын бұл мерекенің маңызы артып, қоғамдағы оқу мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосып отыр.
Ал 2024 жылы Үкімет Қаулысымен Қазақстанда жаңа мереке «23 сәуір – Ұлттық кітап күні» бекітілді.
Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленді.
«Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз», – деді Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.
Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Фото: Ашық дереккөз












