2026 жылдың I тоқсанында Қазақстан кітапханаларына келушілер саны 11 121 048 адамды құрады,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Бұл көрсеткіш ел бойынша кітапхана қызметі мен кітап оқуға қызығушылықтың жоғары екенін көрсетеді.

Статистикалық деректерге сәйкес, келушілер саны бойынша өңірлер арасында Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ақмола облыстары көш бастап тұр. Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысындағы кітапханаларға 967 458 адам, Түркістан облысына 760 261 оқырман, Ақмола облысына 713 640 адам келген.

Мамандардың айтуынша, өңірлік кітапханаларда ұйымдастырылатын мәдени-ағартушылық іс-шаралар, әдеби кездесулер, оқырман клубтары мен жаңа кітаптар келушілер санының артуына ықпал етті.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *