2027 жылы Қазақстанда номиналы 20 000 теңге болатын жаңа банкнот айналымға енгізіледі, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.
Жаңа ақша белгісі біраз уақыт бойы бұрынғы нұсқамен қатар қолданыста болады. Оны енгізу мерзімі банкоматтар мен төлем жүйелерін бейімдеу қажеттілігіне байланысты келесі жылға жоспарланып отыр. Осылайша елдегі банкноттар желісі толықтай жаңартылмақ.
Ал монеталарды жаңарту мәселесі бойынша әзірге нақты шешім қабылданған жоқ.