Әсел Робертс АҚШ тарихында елші дәрежесіне көтерілген тұңғыш қазақ қызы атанды. Ол енді Словениядағы АҚШ-тың төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады.
Әсел Робертстің кандидатурасын биыл ақпан айында Дональд Трамп ұсынған болатын. Ал 18 мамыр күні АҚШ Сенаты оның кандидатурасын ресми түрде бекітті. Дауыс беру барысында 46 сенатор қолдап дауыс берсе, 43 сенатор қарсы шыққан.
Қазақ қызының мұндай жоғары дипломатиялық қызметке тағайындалуы — тарихи оқиға. Себебі АҚШ тарихында қазақ ұлтынан шыққан азамат алғаш рет елші деңгейіне көтеріліп отыр.
Әсел Робертс 1976 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Кейін, 1990-жылдардың басында отбасымен бірге Америка Құрама Штаттарына қоныс аударған. Ол ұзақ жылдар бойы америкалық мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп, Ақ үй құрылымында да жауапты қызметтер атқарған.
Әсел Робертстің дипломатиялық мансаптағы бұл жетістігі — шетелде жүрген қазақ жастары үшін де үлкен мотивация. Оның өмір жолы табандылық пен білімнің, еңбек пен мақсатқа адалдықтың айқын көрінісі іспетті.