Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданында Қоғамдық даму бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Үсен бауы» таулы аймағында «Жастар — еріктілік жолында» тақырыбында аудандық жастар слеті өтті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Таза таулар» акциясы өткізілді. Жастар туристік демалыс орындарын қоқыстан тазартып, 100-ге жуық қап қоқыс жинады.
Слет барысында қатысушылар өз қолдарымен «Табиғатты аялайық», «Қоқыс тастама» деген экологиялық ақпараттық тақтайшалар жасап, таулы аймақтың белгіленген орындарына орнатты. Бұл белгілер келешекте де мыңдаған демалушыларға ескерту болып қала береді.
Күн бойы командалық team building ойындары өтіп, жастар арасында бірлік пен достық рухы нығайды. Ұлттық тағамдар фестивалінде бауырсақ, қымыз, шұбатпен дастархан молшылықпен безендірілді.
«Бір толқында» форматындағы еркін диалог алаңында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартаймен аудан жастарының кездесуі өтті. Кездесу барысында мотивациялық әңгімелер айтылып, спикерлер өзара тәжірибелерімен бөлісті.
Фото: Жаңақорған ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *