Маусым айының соңында Еуропаны жайлаған аптап ыстық салдарынан 10 мыңнан астам адам қайтыс болды.

Бұл туралы dpa агенттігі мәлімдеген. Мәліметтер EuroMOMO еуропалық өлім-жітімді бақылау бағдарламасына негізделген. Бағдарлама Еуропадағы аурулардың алдын алу және бақылау орталығы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қолдауымен жұмыс істейді.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, аптап ыстықтан қайтыс болғандардың басым бөлігі — 65 жастан асқан адамдар. Ауа температурасының шамадан тыс көтерілуі тек күн өтумен ғана шектелмей, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу ауруларын асқындырады. Мұндай жағдайда егде жастағы адамдар аса осал топқа жатады.

EuroMOMO сарапшылары Еуропаның 27 елінің ұлттық статистикасын талдаған. Жекелеген елдер бойынша нақты деректер берілмегенімен, маусымның соңғы аптасында Франция мен Бельгияда «өте жоғары артық өлім-жітім» тіркелгені атап өтілді.

Германиядағы Роберт Кох институты дерегінше, маусым айының соңына қарай елде аптап ыстықтан шамамен 5100 адам көз жұмған. Оның 4310-ы 22–28 маусым аралығындағы ең ыстық аптада қайтыс болған. Қаза болғандардың 80 пайыздан астамы — 75 жастан асқандар. Сондай-ақ, қайтыс болғандардың ішінде әйелдер саны көбірек, бұл егде жастағы әйелдердің үлесінің жоғары болуымен түсіндіріледі.

Ұлыбританияда жүргізілген зерттеуге сәйкес, тек Англия мен Уэльсте ғана маусым айының соңындағы шыжығн ыстықтан шамамен 2700 адам қайтыс болған. Бұл зерттеуді Лондон империялық колледжі, елдің метеорологиялық қызметі және Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебі бірлесіп жүргізген.

Сол зерттеу тобы Еуропаның 12 ірі қаласында аптап ыстық шамамен 2300 адамның өмірін қиғанын анықтады. Ең көп өлім-жітім Милан, Париж және Барселона қалаларында тіркелген.

Біз бұған дейін  Еуропада аптап ыстықтан бағдаршамдар еріп жатқанын жазған едік. Еуропа рекордтық аптап ыстықпен терезелерге фольга жапсырып күресуде, себебі бағдаршамдар еріп,  жаяу жүргіншілерге арналған су атқыштар қолдана бастады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің айтуынша  алдағы үш күнде  Қазақстанда да аптап ыстық болады. Астана мен Алматыда жауын-шашын күтілмейдіЕліміздің қалған бөлігінде құрғақ әрі ыстық ауа райы сақталады. Оңтүстік өңірлерде күндіз ауа температурасы +45 градусқа дейін  көтеріледі.

Фото: ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *