2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының ширек финалдық кезеңі аяқталып, жартылай финалға шыққан құрамалар белгілі болды.

Шешуші кезеңде жанкүйерлерді нағыз «алыптар айқасы» күтіп тұр:

  • Аргентина ұлттық құрамасы – Англия ұлттық құрамасы;
  • Франция ұлттық құрамасы – Испания ұлттық құрамасы.

Бұл турнирдің басты ерекшелігі – әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет жартылай финалға ФИФА рейтингіндегі дәл алғашқы төрттікке кіретін құрамалардың түгел шығуы:

  • Аргентина – 1-орын
  • Испания – 2-орын
  • Франция – 3-орын
  • Англия – 4-орын

Әдетте әлем чемпионаттарында сенсациялар жиі болып, фавориттер ерте кезеңде жарыстан шығып қалып жатады. Мысалы, өткен турнирлерде рейтингте төмен тұрған командалар жартылай финалға дейін жетіп, футбол әлемін таңғалдырған. Ал бұл жолы, керісінше, ең мықты құрамалар өз деңгейін толық дәлелдеп отыр.

Құрамалар туралы қысқаша айта кететін болсақ,  Аргентина – соңғы әлем чемпионатының жеңімпазы, шабуылда өте қауіпті әрі тәжірибелі команда. Испания – допқа иелік ету стилімен танымал, жас әрі техникалық құрамы мықты. Франция – соңғы жылдары тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетіп келе жатқан фавориттердің бірі. Англия болса  жас ойыншылар мен тәжірибелі көшбасшылар үйлескен қуатты ұжым.Алдағы жартылай финал матчтары әлемдік футболдың жаңа классикалық текетірестеріне айналуы мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, бұл төрт құраманың кез келгені чемпион атануға толық лайық.

Осылайша, ӘЧ-2026 тек тартысты ойындарымен ғана емес, тарихи нәтижесімен де есте қалғалы тұр.

Фото: ӘЧ-2026

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *