Ақтөбеде футбол мәдениеті мен жанкүйерлік қозғалыстың тарихын баяндайтын жаңа көркем фильмнің түсірілімі жүріп жатыр, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда «Ақтөбе» футбол клубының ең белсенді жанкүйерлер қауымдастығының 20 жылдығына арналған «13SECTOR» фильмінің түсірілім жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Фильмнің режиссері – Жандос Айбасов. Басты рөлдерді қазақстандық актерлер Аян Өтепберген мен Шерхан Пірназар сомдайды.

Туындыда «Ақтөбе» клубының жанкүйерлік қозғалысының қалыптасу тарихы, олардың клубқа деген адалдығы мен ерекше атмосферасы көрініс табады. Түсірілімге клубтың шынайы жанкүйерлері мен қала тұрғындары белсенді қатысып, фильмге ерекше шынайылық беруде.

Көрермендер экраннан нағыз футбол матчтарының сәттерін, жанкүйерлер ұйымдастыратын әсерлі шоу бағдарламаларды, трибуналардағы танымал ұрандар мен ерекше қолдау мәдениетін тамашалай алады. Бұл фильм тек футбол туралы емес, ортақ мақсат жолында біріге білген адамдардың достығы, жанкештілігі және туған клубқа деген сүйіспеншілігі туралы сыр шертеді.

«13SECTOR» фильмі «Ақтөбе» жанкүйерлерінің тарихын жаңа қырынан таныстырып, қазақстандық футбол мәдениетінің маңызды бір бөлігіне айналған фан-қозғалыстың рухын кең аудиторияға жеткізуді мақсат етеді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *