2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының үшінші орны үшін өткен тартысты кездесуде Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, турнирдің қола жүлдегері атанды,- деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Матчтың алғашқы бөлігінде ағылшындар толық басымдық танытты. Букайо Сака екі мәрте мергендік танытса, Деклан Райс пен Эзри Конса да гол соғып, бірінші тайм аяқталмай жатып Англияны 4:0 есебімен алға шығарды.

Алайда француздар үзілістен кейін мінез көрсетті. Килиан Мбаппе дубль авторы атанып, Брэдли Барколя бір гол соқты. Нәтижесінде есеп айырмасы қысқарып, Франция камбэк жасауға бір қадам жақындады – 4:3.

Кездесудің шешуші сәтінде Букайо Сака пенальтиден дәл соққы жасап, хет-тригін рәсімдеді. Матчтың соңғы минуттарында Усман Дембеле мен Джуд Беллингем бір-бір голдан соғып, қорытынды есепті 6:4-ке жеткізді.

Бұл нәтиже Англия үшін тарихи жетістік саналады. Құрама 1966 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін алғаш рет әлем біріншілігінде осындай жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр.

Сонымен қатар, Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе турнирдегі голдар санын 22-ге жеткізіп, әлем чемпионаттары тарихындағы үздік сұрмерген атанды.

Матчтан кейін Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам ұлттық команданың тізгінін тапсыратынын ресми түрде мәлімдеді.

Енді футбол жанкүйерлерінің назары әлем чемпионатының басты ойынына ауысады. Бүгін финалда Испания мен Аргентина құрамалары чемпиондық атақ үшін бақ сынайды.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *