Қызылорда қаласындағы «Ассоль» компаниясында еңбек ұжымымен кездесу өтті. Іс-шараға «Әділет» партиясы Қызылорда облыстық сайлауалды штабының өкілдері мен сенімді тұлғалары қатысты.

Кездесу барысында еңбек қатынастары, өндірістегі еңбек қауіпсіздігі, қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, цифрландыру үдерісі және өндіріс саласының қазіргі жай-күйіне қатысты мәселелер талқыланды.

Жиынға қатысушылар еңбек адамының қоғамдағы орны, еңбек жағдайын жақсарту, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау, қызметкерлердің денсаулығын қорғау және цифрлық технологияларды өндіріс саласында қолдану мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері өндірістік қызметке қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, еңбек жағдайы, әлеуметтік қамтамасыз ету және жұмыс үдерісін жетілдіруге байланысты ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өндіріс саласына қатысты өзекті мәселелер жөнінде ой бөлісті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *