Қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат көктемгі су тасқыны кезінде халықтан жиналған қаржыдан 1,5 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді.  Бұл жайлы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Хабарламада ұрланған қаражаттың қайда жұмсалғаны жайлы да жазылған. Күдікті автосалондардан бірнеше элиталық көлік сатып алған:

  • Mercedes-Benz S450 — құны 88 миллион теңге;
  • Lexus LX-600 — құны 80 миллион теңге;
  • Haval — құны 39 миллион теңге.

Бұдан бөлек, бас-аяғы 600 миллион тұратын, «Akbulak Riviera», «Highvill Ishim Gold», «Көк Жайлау» секілді элиталық тұрғын үйлерден пәтерлер, «Vela Village» коттедж қалашығынан жылжымайтын мүлік сатып алған.

Құйтырқы амалын жүзеге асыру үшін, ол жақын достары мен туыстарын тартқан. Олар қайырымдылық қоры қаражатын 8% сыйақы үшін қолма-қол ақшаға айналдыруға келіскен.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *